Облыстық жеңіл атлетикалық кросс

2024 жылы қазан айының 17-сі күні Абай облысы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында жеңіл атлетикалық кросс жарысы өтті. Жарыста «Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі» КМҚК құрама командасы тамаша нәтиже көрсетіп, жүлделі ІІ орынды иеленді! ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Өндірістік тәжірибе

2024 жылдың 2-нші қыркүйегі мен 12-нші қазаны аралығында «Архитектура» мамандығы бойынша білім алатын А-31 топ студенттері «Семей-Көркем» ЖШС мекемесінен өндірістік іс-тәжірибеден өтті. Тәжірибеден өту барысында студенттер жобалау мен безендіруге арналған «АutoСAD», «Compas», «PhotoShop», «СorelDraw», «3D ландшафтық дизайн» сияқты бағдарламалармен жұмыс істеуді меңгеріп, өз біліктіліктерін шыңдады. Өндірістік тәжірибе студенттерге өз мамандықтары бойынша алған теориялық білімдерін іс…

Кәсіптік бағдар беру жұмысы

2024 жылы қазан айының 21-і күні «Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі» КМҚК-да Семей қаласының жалпы орта білім беретін №10 мектебінің 9 сынып оқушыларына экскурсия жүргізілді. Экскурсия барысында оқушыларға мамандықтарға байланысты құралдармен жұмыс істеу тәртібі көрсетіліп, оқу шеберханалары таныстырылды.

Оқу тәжірибесі

2024 жылы қазан айының 14-18 аралығында 22 ПГС топ студенттері «Құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары» құзыреттілігі бойынша оқу шеберханаларында тәжірибеден өтті. Өндірістік оқыту сабағында студенттер бастапқы дағдылар игеріп, жаттықтырылды: Құрғақ құрылыс жұмыстарын орындау кезінде гипсокартонды кесу және орнату жұмыстарын технолгиясын меңгерді; Өндірістік жұмыстар барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау,а дағдыланды; Гипсокартонды сызба бойынша қабырғаны, есік-терезе саңылауларын құрастырды.…

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» музей-қорығына экскурсия

2024 жылы қазан айының 17-сі күні «Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі» КМҚК 203 ТА топ студенттері топ жетекшісі Д.Қ. Емелбаевамен бірге Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығына барды. Экскурсияның мақсаты студенттерді Абай мұрасымен, ақынның өмірбаянымен және шығармашылық жолымен таныстыру болды.

Кітапханашылар күні

2024 жылы қазан айының 22-сі күні «Кітапханашылар күні» мерекесі аясында колледж кітапханасында өзін-өзі басқару күні ұйымдастырылды. Іс-шараға А-31 тобының студенттері белсене қатысты. Студенттер кітапхана қызметкерлерінің бақылауымен формулярларды өз бетінше толтырды, оқырмандардың талаптары бойынша кітаптарды тауып, қорды орналастыру ережелерін өтті. «Буккроссинг» көрмесіне шолу жасады.

Оқу тәжірибесі

2024 жылдың 30 қыркүйегінен бастап 21 ПГС топ студенттері «Кескіндеме және сәндік жұмыстары» құзыреті бойынша оқу шеберханаларында тәжірибелік сабақтарды аяқтады. Өндірістік оқыту сабағында студенттер бастапқы дағдылар мен дағдыларды игеріп, жаттықтырды: түс реңктерін ажырата білу; боялған беттерді үйлесімді біріктіру; бөлменің пропорцияларын көзбен өлшеу; қолмен және механикаландырылған беттерді дайындау және бояу; бетті тегістеу; замазка композициясын қолдану; бетті…

Оқу тәжірибесі

2024 жылдың 14 қыркүйегінен бастап 21 ПГС тобының студенттері «Тақта жабу» құзыреттілігі бойынша оқу шеберханаларында тәжірибелік сабақтардан өтті. Сабақ барысында студенттер үйренді: бетті қаптауға дайындау, плиткаларды сұрыптау; таңбалауды орындау (сызбалар бойынша жұмыс); плиткалардың астындағы негіздерді сылақпен бекіту; «Тігуге тігіс», «Жүгіру», «Диагональ» әдісімен бетті шпонмен жабу; бұрыштарды қаптау; тігістерді реттеу, тігістерді ерітіндімен толтыру. Студенттер бұл мамандықты…

Профилактикалық әңгімелесу

2024 жылы қазан айының 18-і күні діни тұрақтылықты қамтамасыз ету және экстремизммен терроризмнің алдын алу мақсатында «Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі» КМҚК 1 курс студенттеріне «Абай облысы Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ маманы Кусембекова Асель Муратбековнамен кездесу өткізілді. Кездесу барысында «Экстремизм» мен «Терроризм», «Деструктивті діни ағымдар» ұғымдарына анықтама беріліп, дәстүрлі емес теріс ағымдардың қоғамға…