Үндеуге

КЕЗЕКТЕН ТЫС ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына үндеуі   Қымбатты Отандастар!   Бүгін елімізге және әрқайсымызға қатысты аса маңызды Үндеу жариялап отырмын. Еліміздің Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын 2019 жылдың 9 маусымында өткізу туралы шешім қабылдадым. Мен бұл жауапты шешім бойынша Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен ақылдастым. Парламенттің қос палата спикерімен, Премьер-Министрмен кеңестім. Конституциялық Кеңестің келісіміне жүгіндім. Парламенттегі партия жетекшілерімен…

Таэквондодан (WT) “CHAMPION” ашық республикалық турнирі

Таэквондодан (WT) балалар, кадеттер, жеткіншектер, ерлер және әйелдер арасындағы «CHAMPION» ашық Республикалық турнирінде 18 ден жоғары жас арасында 54 салмақ дәрежесінде «Құрылыс колледжі» КМҚК студенті Тусипбеков Руслан қатысып, жүлделі ІІІ орынды иеленіп қайтты.

Сенбілік – тазалық таразысы

2019 ж. 5 сәуір күні «Құрылыс колледжі» КМҚК студенттері мен барлық қызметкерлері бір кісідей жауапкершілікпен сенбілікке шықты. Қала тазалығын сақтауға үлес қосып, белсенділік көрсетті. Табиғатқа қамқорлық аздаған істен басталады.

Nur Otan

«Nur Otan» партия ұйымдарының басшыларына арналған семинар-тренинг

2019 жылғы 28-29 наурыз аралығында «Партия түсінігі туралы базалық мағлұматтар» модуль бойынша «Nur Otan» партия ұйымдарының басшыларына арналған «Партияны жаңғырту контексінде БПҰ қызметін жетілдіру» тақырыбында семинар-тренингті табысты аяқтағанын куәландыратын сертификатпен «Құрылыс колледжі» КМҚК директоры Тастекеев Кайрат Кулбаевич марапатталды.

Шуақты

«Шуақты шаңырақ» жас отбасылар байқауы

2019 жылғы 27 наурыз күні қаламызда алғаш рет Жастар жылы аясында «Семей қаласының Ішкі саяст бөлімі» ММ, «Жастар ресурстық орталығы» КММ қолдауымен «Шуақты шаңырақ» жас отбасылар байқауында, колледжімздің арнайы пән оқытушысы Смайлова Балнур Бауыржанқызы өз отбасымен қатысып, екі кезеңдік сайыста «Білімді отбасы» номинациясын жеңіп алды.

«Шәкәрім барысы – 2019» атты қазақ күресінен облыстық турнир

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің ұйымдастыруымен «Жастар жылы» және «Халықаралық білім құрылтайы» аясында қазақ күресінен өткен «Шәкәрім барысы – 2019» атты облыстық турниріне «Құрылыс колледжі» КМҚК студенттері Оксукпаев Алмас және Төребеков Нұртілек  қатысып, алғыс хатпен марапатталды.

Таеквондодан ашық біріншілік

Қаракерей Қабанбай Батырды еске алуға арналған таеквондодан «Арыстан» кәсіпқой спорт клубының ашық біріншілігіне «Құрылыс колледжі» КМҚК студенті Түсіпбеков Руслан қатысып 1 орынды қанжығасына байлап қайтты.

мен

«Мен өмірді сүйемін» тақырыбында көрме

2019 жылғы 15 наурыз күні «Құрылыс колледжі» КМҚК психологы Мубаракова Д.С. ұйымдастыруымен «Мен өмірді сүйемін» тақырыбында колледжішілік студенттер арасында шығармашылық көрме өткізілді. Көрмеге ат салысып, белсене қатысқан топтарға  алғыс хаттар берілді.

Ұлттық ойындардың ашық көрсетілімі

Ағымдағы айдың 15-ші жұлдызында «Құрылыс колледжі» КМҚК студенттері арасында ұлттық ойындардың ашық көрсетілімі өтті. Қазақша күрес әдістері жас буынға кеңінен түсіндіріліп, үйретілді. Атадан мұра боп қалған ұлттық ойындарымызды ұрпақтан ұрпаққа боямасын жеткізу біздің парызымыз!